Футболдан Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ел намысын қорғайтын қазақстандық клубтардың ойынында қызмет атқаратын төрешілер белгілі болды.
Қазақстандық клубтар Еуропа лигасының іріктеу кезеңін 2 шілде күні бастайды. Шымкенттің «Ордабасы» клубы мен «Ақтөбе» (Ақтөбе) бірінші ойындарын өз алаңында өткізсе, Алматының «Қайраты» доданы сырт алаңнан бастайды.
Ақтөбедегі «Нымме Калью» мен «Ақтөбе» арасындағы бірінші кездесуге украиналық төрешілер қазылық жасайтын болды. Бас қазы Юрий Можаровскийге Александр Войтюк пен Александр Корнийко көмектесетін болады. Ал төртінші төреші қызметін Евгений Арановский атқарады.
Белградтағы «Црвена Звезда» мен «Қайрат» арасындағы ойында поляк төрешілері қазылық жасайды. Бас қазы Бартош Франковскийге қапталда Михал Обукович пен Давид Игор Голис көмектеседі.
Шымкентте өтетін «Ордабасы» мен «Бейтар» (Израиль) арасындағы ойынға қазылық жасауға Молдовадан төрешілер келетін болды. Бас қазы Дмитрий Мунтянға қапталда Андрей Бодян мен Денис Борисов көмектеседі.