Еуропа Лигасына қысқаша шолу (видео)

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Еуропа Лигасына қысқаша шолу (видео)

Еуропа Лигасының топтық кезеңі де аяқталды. 1/16 финалға шыққан 24 команда белгілі болды. Назарларыңызға әр топқа қысқа шолуымызды ұсынамыз.

БӨЛІСУ

«А» тобы


Бұл топтың басты фавориттері саналған испандық «Валенсия» мен ағылшындық «Суонси» келесі кезеңге сүрінбей өтті. Дегенмен ресейлік «Кубань» да тәуір өнер көрсетті. Соңғы турда «Валенсияны» жеңгенде «Суонсиді» сүріндірген болар еді.

 "A" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Валенсия 6 4 1 1 12:7 13
2.   Суонси Сити 6 2 2 2 6:4 8
3.   Кубань 6 1 3 2 7:7 6
4.   Санкт-Галлен    6 2 0 4 6:13 6

«В» тобы


Жанкүйер күтпеген нәтиже осы топта орын алды десек болады. Голландиялық «ПСВ» соңғы турда Украинаның «Черноморец» командасына есе жіберіп, плей-офф кезеңіне өте алмады. Топ көшін еш жеңіліссіз болгариялық «Лудогорец» командасы бастап шықты.

 "B" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Лудогорец 6 5 1 0 11:2 16
2.   Черноморец      6 3 1 2 6:6 10
3.   ПСВ 6 2 1 3 4:5 7
4.   Динамо Зб 6 0 1 5 3:11 1

«С» тобы

Швейцариялық «Зальцбург» еш жеңіліссіз топты бастаса, екінші жүлде Данияның «Эсьберг» командасына бұйырды. Олар қарсыластарын шаң қаптырып кетті.

«D» тобы


Бұл топтың көшін ресейлік «Рубин» бастап шықты. Тек екі рет қана тең нәтиже көрсетті. Ал екінші жолдаманы соңғы турда словениялық «Марибор» ағылшындық «Уиганды» өз алаңында тізе бүктіріп иеленді.

 "D" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Рубин 6 4 2 0 14:4 14
2.   Марибор 6 2 1 3 9:12 7
3.   Зюлте-Варегем     6 2 1 3 4:10 7
4.   Уиган 6 1 2 3 6:7 5

«Е» тобы


О бастан бұл топтың фавориттері саналған «Фиорентина» мен «Днепр» еш қиналмастан қарсыластарын айналып өтті.

"E" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Фиорентина 6 5 1 0 12:3 16
2.   Днепр Дп 6 4 0 2 11:5 12
3.   Пасуш де Феррейра    6 0 3 3 1:8 3
4.   Пандурий 6 0 2 4 3:11 2

«F» тобы

Бұл топта бақ сынаған «Апоэл» мен «Бордоның» жолы болмады. Келесі кезеңге «Айнтрахт Ф» мен «Маккаби Тель-Авив» жолдама алды.

"F" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Айнтрахт Ф 6 5 0 1 13:4 15
2.   Маккаби ТА      6 3 2 1 7:5 11
3.   АПОЭЛ 6 1 2 3 3:8 5
4.   Бордо 6 1 0 5 4:10 3

«G» тобы


Бұл топтан бельгиялық «Генк» бірінші орынмен, украиналық «Динамо» екінші орынмен шықты.

 "G" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Генк 6 4 2 0 10:5 14
2.   Динамо К    6 3 1 2 11:7 10
3.   Рапид В 6 1 3 2 8:10 6
4.   Тун 6 1 0 5 3:10 3

«Н» тобы


Испандық «Севилья» мен чехиялық «Слован» қарсыластарын сәтті тоқтата білді.

 "Н" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Севилья 6 3 3 0 9:4 12
2.   Слован Л 6 2 3 1 9:8 9
3.   Фрайбург     6 1 3 2 5:8 6
4.   Эшторил 6 0 3 3 5:8 3

«І» тобы


Кезінде Еуропа алпауыттарымен терезесі тең өнер көрсеткен команданың бірі – «Лион» осы топты бастап шықты. Ал екінші жолдама небәрі үш гол соғып, нәтижеге қол жеткізген «Бетиске» бұйырды. Словениялық «Риека» да тәуір өнер көрсетті. Алты кездесудің төртеуінде қарсыластарымен тең ойнады.

"I"тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Лион 6 3 3 0 6:3 12
2.   Бетис 6 2 3 1 3:2 9
3.   Гимараеш    6 1 2 3 6:5 5
4.   Риека 6 0 4 2 2:7 4

«J» тобы


«Трабзонспор» мен «Лацио» қарсыластарын шаң қаптырып, жолдаманы өзара бөлісті.

 "J" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   Трабзонспор    6 4 2 0 13:6 14
2.   Лацио 6 3 3 0 8:4 12
3.   Аполлон 6 1 1 4 5:10 4
4.   Легия 6 1 0 5 2:8 3

«К» тобы


Бұл топтың бір жолдамасы жеребе тартылған сәттен-ақ «Тоттенхэмге» тиесілі екені анық болатын. Ал екінші жолдама махачкалалық «Анжиге» бұйырды.

Сонымен Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шыққан 24 команда белгілі болды. Ал Чемпиондар Лигасынан келіп қосылатын 8 команда кеше анықталған еді. Енді жеребе тастау рәсімі 16 желтоқсан күні Ньон қаласында өтеді.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru,vk.com, fc-anji.r