Бүгін түнде Еуропа Лигасының ширек финалдық кездесулері өтеді.
Бірінші кездесуде жеңіске жеткен туриндік «Ювентус» француздың «Лион» командасын қабылдаса, швейцариялық «Базель» 3 доп есеп айырмасымен сырт алаңда «Валенсияға» қарсы тұрады. Португалдық «Бенфика» Лиссабон төрінде нидерландық «АЗ Алкмармен» кездессе, испандық «Севилья» өз алаңында португалдық «Портумен» жолығысады.
Барлық жолығысу Астана уақытымен сағат 01:05-те басталады.
Еуропа Лигасы, ширек финал, қарымта ойындар
«Ювентус» (Италия) – «Лион» (Франция) – 01:05 (бірінші ойын 1:0)
«Севилья» (Испания) – «Порту» (Португалия) – 01:05 (бірінші ойын 0:1)
«Бенфика» (Португалия) – «АЗ Алкмар» (Нидерланды) – 01:05 (бірінші ойын 1:0)
«Валенсия» (Испания) – «Базель» (Швейцария) – 01:05 (бірінші ойын - 0:3)
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: mytivi.fr