Еуропа лигасы: Жартылай финал жеребесі тартылды

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
BAUKENTI ZHAQSYMBET>
Еуропа лигасы: Жартылай финал жеребесі тартылды
Фото ©️ rsport.ru

Швейцарияның Ньон қаласындағы UEFA штаб пәтерінде Еуропа лигасы жартылай финал кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

БӨЛІСУ

Оның қорытындысы бойынша нидерландылық "Аякс" пен франциялық "Лион" клубтары бір жұпқа түссе, Испанияның "Сельтасы" ағылшындық "Манчестер Юнайтедімен" кездесетін болды. 

Жартылай финалдың бірінші ойындары 5 мамыр күні жеребеде бірінші шыққан клубтардың алаңында ойнайды. Ал қарымта кездесу бір аптадан кейін өтеді. 

Еуропа лигасының финалы 25 мамыр күні Швецияның астанасы Стокгольм қаласындағы "Френдс Арена"стадионында өтеді.