Еуропа лигасы. «Ақтөбе» алға!

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Еуропа лигасы. «Ақтөбе» алға!

Бүгін «Ақтөбе» командасы Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің аясында исландиялық «Брейдаблик» клубымен кездеседі. Владимир Никитенко баптайтын жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

БӨЛІСУ

Исландиялық футбол ұжымы Еуропа лигасының алғашқы кезеңінде андорралық «Санта-Коломаны» жеңсе, екінші айналымда автриялық «Штурмнан» басым түскен. Осылайша, «Брейдаблик» өз қақпасына әлі гол жібермеген команда. Ал жерлестеріміз осыған дейін «Гандзасар» мен норвегиялық «Хедд» командаларын жарыс жолынан шығарған болатын.


«Бізге бүгін бастысы – физикалық дайындық пен керемет тактикалық ойын өрнегі қажет. Допты ұстау басымдығын пайдамызға шешуіміз керек. Негізінен еуропалық футбол үлгісінен Скандинавия түбегінің ойын өрнегі өзгешелеу болады. Біздегі ойыншылар бойы ұзын келеді. Біз осы артықшылығымызды пайдалана отырып, жылдамдық пен техникаға иек артамыз» - деді «Брейдаблик» командасының бас бапкері Олафур Кристьянссон. Ал Владимир Никитенко:


«Еуропа лигасының үшінші кезеңіне жеткен команда осал болмасы анық. Менің ойымша тең дәрежедегі кездесу болады. Біз қарсыластарымыздың бірнеше ойынын көрдік. Команда ұйымшыл, техникалық тұрғыдан әлсіз деуге келмейтін ұжым екен. Әсіресе, екінші қабатта допқа жақсы таласады. Сондықтан да бүгін тартысты кездесу күтіп тұрғаны анық» - деді.


Көптеген букмекерлік орталықтар «Ақтөбені» кездесудегі фаворит санауда. Батысқазақстандық команданың жеңісіне 1.56, тең кездесуге 3.95, ал қонақтардың жеңісіне 6.66 коэфициент беруде. Қос ұжым да кездесуге соңғы дайындықтарын шыңдап, сақадай-сай кездесуді күтуде.


«Ақтөбе» мен «Брейдаблик» арасындағы кездесу Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Қос ұжым арасындағы кездесуді «KazSport» арнасынан тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz