Еуропа чемпионатын ең бірінші аяқтаған құрама анықталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Еуропа чемпионатын ең бірінші аяқтаған құрама анықталды
Фото ©️ championat.kz

Футболдан Польша ұлттық құрамасы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінен шыға алмаған алғашқы құрама атанды. Олар топтағы екі ойында да ұтылды. 

БӨЛІСУ

"D" тобына түскен поляктар бірінші ойында Нидерланд құрамасына жол берді. Ал кеше өткен кездесуде Австриядан ұтылды. Соңғы турда Франциямен ойнайды. Жеңіске жеткен күннің өзінде үшінші орынға көтеріле алмайды. Себебі 3 ұпайы бар Австрияға жеке кездесуде жол берді. Ал  Франция мен Нидерланд құрамаларында 4 ұпайдан бар. 

Айта кетейік, бүгін Еуропа чемпионаты топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары аяқталады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!