Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ақтық сынында қазылық жасайтын төрешілер белгілі болды. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты хабарлап отыр.
Чемпиондар лигасының финалында нидерландылық төреші Бьорн Кейперс қазылық жасайды. 41 жастағы төрешінің бұл Чемпиондар лигасындағы алғашқы финалы. Ол осыған дейін Еуропа лигасының финалындағы «Челси» мен «Бенфика» кездесулеріне қазылық жасаған. 24 мамыр күні Лиссабондағы «Эштадиу да Луш» стадионында өтетін ойында Бьорн Кейперске Сандер ван Роэкель мен Эрвин Зейнстра көмектессе, қақпа алдындағы қарбаласты Поль ван Боэкель және Ричард Лайсвельд қадағалайтын болады. Қосымша қазы қызметін түрік Джюнейт Чекир атқарады.
Еуропа лигасының ақтық сынына шыққан «Бенфика» мен «Севилья» арасындағы ойынға неміс Феликс Брых қазылық жасайтын болды. Финал 14 мамыр күні Италияның Турин қаласында өтеді.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: sports.ru