22 қараша күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтеді. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған турнирге 12 құрама қатысады.
«Еуразия барысында» бақ сынайтын Түркия, Өзбекстан және Украина балуандарының есімі анықталды. Түркия құрамасын отандасымыз Асқар Құмар жаттықтырады. Ал, Өзбекстан мен Украина құрамалары аталған турнирге алғаш рет қатысқалы отыр.
Түркия құрамасы:
1.Ахмет Озбай
Бойы: 165 см.
Салмағы: 60 келі.
1985 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2010 жылы дзюдодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
– 2012 жылы дзюдодан Түркия чемпионы;
2.Явуз Йаралы
Бойы: 170 см.
Салмағы: 70 келі.
1989 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2010 жылы дзюдодан Балқан ойындарының қола жүлдегері;
– 2011 жылы дзюдодан Түркия чемпионатының қола жүлдегері;
– 2008 жылы дзюдодан Жихатшенер турнирінің қола жүлдегері;
3.Мехмет Дурмаз
Бойы: 185 см.
Салмағы: 90 келі.
1985 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2009, 2010, 2011 жылдары дзюдодан Түркия чемпионатының үш дүркін
жеңімпазы;
– 2011 жылы дзюдодан Жастар арасында Еуропа чемпионатының күміс
жүлдегері;
4.Юнус Емре Байындыр
Бойы: 185 см.
Салмағы: 90 келі.
1985 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2009,2010,2011 жылдары дзюдодан үш дүркін Түркия чемпионы;
– 2008 жылы дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері;
5.Мурат Гемалмаз
Бойы: 183 см.
Салмағы: 140 келі.
1983 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2005-2008 жылдары дзюдодан Түркия чемпионы;
– 2004 жылы кураштан Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері;– 2005 жылы дзюдодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
Өзбекстан құрамасы:
1.Достон Аманов
Бойы: 168 см.
Салмағы: 63 келі.
1994 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2012, 2013 жылдары дзюдодан халықаралық турнирдің жүлдегері;
– 2010, 2011 жылдары дзюдодан Өзбекстан чемпионы;
2.Жамол Аманов
Бойы: 180 см.
Салмағы: 73 келі.
1987 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Әмбебап жекпе-жек түрінен екі дүркін Әлем чемпионы (2009, 2010 жж.);
– Әмбебап жекпе-жек түрінен Азия чемпионы (2009 ж.);
– Дзюдодан халықаралық турнирдің жүлдегері (2006-2008 жж.);
3.Алишер Кудайбердиев
Бойы: 177 см.
Салмағы: 81 келі.
1991 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: Дзюдодан Өзбекстан екі дүркін чемпионы (2012,2013жж.),
Самбодан Өзбекстан Чемпионы (2013ж.)
4.Хасан Назаров
Бойы: 175 см.
Салмағы: 98 келі.
1993 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Дзюдодан екі дүркін Өзбекстан чемпионы (2010, 2012 жж.);
– Кураштан Әлем чемпионы (2012 ж.);
5.Махмуджан Юсупов
Бойы: 195 см.
Салмағы: 115 келі.
1990 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Самбодан Азия чемпионатының жүлдегері (2011 ж.)
– Белбек күресінен Азия чемпионатының жүлдегері (2013 ж.);
– Қазақ күресінен халықаралық турнирдің жүлдегері (2009 ж);
Украина құрамасы:
1.Павел Скопненко
Бойы: 175 см.
Салмағы: 60 келі.
1995 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Дзюдодан кадеттер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы (2011
ж.);
2.Николай Саенко
Бойы: 175 см.
Салмағы: 68 келі.
1995 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Дзюдодан "European open M&W" халықаралық турнирінің жеңімпазы (2013
ж.);
3.Владислав Потапов
Бойы: 183 см.
Салмағы: 80 келі.
1986 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Дзюдодан Еуропа чемпионы (2012 ж.);
4.Валентин Греков
Бойы: 183 см.
Салмағы: 88 келі.
1976 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Дзюдодан үш дүркін Еуропа чемпионы (2002,2003,2007 жж.);
5.Давид Аванесян
Бойы: 183 см.
Салмағы: 105 келі.
1995 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Дзюдодан жастар арасында Украина чемпионы (2011 ж.);