«Еуразия барысы». Моңғолия мен Польша балуандарының есімі жарияланды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
«Еуразия барысы». Моңғолия мен Польша балуандарының есімі жарияланды

22 қараша күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтеді. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған турнирге 12 құрама қатысады.

БӨЛІСУ

«Еуразия барысында» бақ сынайтын Моңғолия мен Польша балуандарының есімі анықталды. Бұл сында қазақ балуандарының басты қарсыласы - моңғолиялық балуандар. Өткен жолы біздің балуандардан финалда ұтылған олар бұл жолы барын салары анық. Әсіресе бесінші белдесуде Бейбіт Ыстыбаевпен жолы түйісіп, жеңіліске ұшыраған аса ауыр салмақты моңғол жігіті Сугаржаргал Болдпурэвулының дайындығы жақсы секілді. Ол 24 келі салмақ тастап, 170 келіні көрсетіп отыр. Сугаржаргалдың салмағы өткен жолы 194 келі болған еді. Жиырма бес жастағы ол осы турнирдегі ең ауыр балуан саналады. 

Моңғолия құрамасы:

1.Хэрлэн Ганболд улы

Бойы: 174 см.
Салмағы: 60 келі.
1992 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– Дзюдодан Гран-при турнирінің 1,2,3 орындарын иеленген (2011, 2012 жж.);

2.Цагаанбаатар Хашбаатар улы
Бойы: 170 см.
Салмағы: 70 келі.
1984 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2004 жылы дзюдодан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Афины);
– 2004 жылы Моңғолияның еңбек сіңірген спортшысы;
– 2005, 2009 жылдары самбодан екі дүркін Әлем чемпионы; 
– 2006 жылы қазақ күресінен Азия чемпионы;
– 2009 жылы дзюдодан Әлем чемпионы;
– 2009 жылы Моңғолия Батыры атағын алған;

3.Давгадорж Монхбат улы
Бойы: 174 см.
Салмағы: 80 келі.
1989 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2012 жылы дзюдодан Гран-при турнирінің қола жүлдегері;

4.Цогтгэрэл Хуягт улы

Бойы: 180 см.
Салмағы: 90 келі.
1992 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
–2012-2013 жылдары дзюдодан Гран-при қола турнирінде 2,3 орын алған;

5.Сугаржаргал Болдпурэв улы
Бойы: 193 см.
Салмағы: 170 келі.
1989 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2012 жылы Дзюдодан Гран-при турнирінде күміс жүлдегері;
– 2013 жылы Белбеу күресінен Әлем чемпионы және Еуразия
чемпионатының күміс жүлдегері;

Польша құрамасы:

1.Бартоломей Гарбацик

Бойы: 173 см.
Салмағы: 60 келі.
1992 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
– 2014 жылы дзюдодан 2 дүркін Польша чемпионы,
– 2014 жылы Еуропа кубогының жеңімпазы;, 

2.Александр Бэта
Бойы: 172 см.
Салмағы: 70 келі.
1991 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: 
– 2012, 2014 жылдары дзюдодан екі дүркін Польша чемпионы; 

3.Радослав Кожчынский
Бойы: 175 см.
Салмағы: 80 келі.
1990 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: 
– 2012 жылы дзюдодан Польша чемпионатының күміс жүлдегері,
– 2014 жылы дзюдодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері; 

4.Рафаль Козловский
Бойы: 180 см.
Салмағы: 90 келі.
1995 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: – 2012 жылы дзюдодан Польша чемпионатының қола жүлдегері;
– 2013 жылы дзюдодан жастар арасында екі мәрте Польша чемпионатының
қола жүлдегері;
– 2014 жылы дзюдодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;

5.Якуб Вуйтик
Бойы: 190 см.
Салмағы: 103 келі.
1989 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері: 
– 2011, 2014 жылы дзюдодан екі дүркін Польша чемпионы;

Сурет: alashainasy.kz