«Ертіс» командасына жаңа бапкер келді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Ертіс» командасына жаңа бапкер келді

Футболдан ел премьер-лигасында өнер көрсететін павлодарлық «Ертіс» командасының тізгінін эстониялық маман Тармо Рюютли ұстады. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Өткен маусымда алғашқы алтылыққа еніп, соңғы турларда ғана сәтсіздікке ұшыраған ұжымды баптауға келген бас бапкер 1954 жылы дүниеге келген. Эстония ішкі біріншілігінде футболшы болған. Кейіннен «Тулевик» (Вильянди), «Флора» (Таллин), «Левадия» (Таллин), «Калев» (Таллин) командаларын баптаған. Сонымен қатар, Эстония құрамасының бас бапкері қызметінде алты жыл жұмыс жасаған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін өткен маусымда «Ертіспен» Еуропа Лигасында бақ сынаған бапкер Талғат Байсуфинов денсаулығына байланысты өз орнын босатқан болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz