Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.
Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
2009-2014 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі.
2006-2018 жылдары "Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ жаттықтырушы-оқытушысы.
2018-2020 жылдары "Қызылжар Арландары" спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.
2020-2021 жылдары Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры.
2021-2023 жылдары Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды.
Туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалғанға дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!