Ербол Хамитов пара шаңғыдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Ербол Хамитов пара шаңғыдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото ©️ gov.kz

Ербол Хамитов пара шаңғыдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Норвегияның Тронхейм қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды. LW12 санатындағы спринт жарысында отандасымыз мәре сызығын 2:42.45 уақыт нәтижесімен үшінші болып кесті.

gov.kz

Алтын жүлдені бразилиялық Вестемайер Рибера Кристиан (2:42.06) жеңіп алса, күміс медаль украиналық Баль Павлоға (2:45.93) бұйырды.

Сондай-ақ, жерлесіміз жуырда ғана пара шаңғы жарысынан Әлем кубогінде күміс медаль иеленген еді.

Айта кетейік, бұл бәсеке - 2026 жылы Милан мен Кортинада өтетін қысқы Паралимпия ойындарына ұпай беретін негізгі жарыс.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!