Еліміздің үздік триатлоншылары Оралда бас қосады

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
Еліміздің үздік триатлоншылары Оралда бас қосады
Фото ©️ triathlon.org.kz

10-11 тамыз күндері Орал қаласында триатлоннан екі күндік республикалық жарыс өтеді.

БӨЛІСУ

Бірінші сайыс күні Elite санатындағы спортшылар "супер-спринт" қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогының үшінші кезеңі жеңімпаздарын анықтайтын болады. Осы қашықтықта U17, U19 және U23 санатындағы спортшылар ел чемпионаты аясында бақ сынайды. Ал екінші күні әуесқой спортшылар сынға түспек.

Қазірдің өзінде байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Жарыстың мақсаты - Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру және үздік спортшыларды анықтау.

Сайыс аясында кәсіби спортшылар бірнеше қашықтықтарда сынға түседі:

Elite санаты (18-23 жас аралығы),триатлон тәртібі, қашықтық – "супер-спринт" (300 метрге жүзу, 8 шақырым веложарыс, 2 шақырымға жүгіру).

U23 санаты (18-23 жас аралығы), триатлон тәртібі, қашықтық – "супер-спринт" (300 метрге жүзу, 8 шақырым веложарыс, 2 шақырымға жүгіру).

U19 санаты (17-19 жас аралығы), триатлон тәртібі, қашықтық – "супер-спринт" (300 метрге жүзу, 8 шақырым веложарыс, 2 шақырымға жүгіру).

U23 санаты (15-17 жас аралығы), триатлон тәртібі, қашықтық – "спринт" (750 метрге жүзу, 20 шақырым веложарыс, 5 шақырымға жүгіру).

Жарыс кестесі

Күні

Уақыты

Іс-шара

10 тамыз

09.00 сағ.              

U17 санатындағы ерлер жарысының басталуы

09.05 сағ.

U17 санатындағы әйелдер жарысының басталуы

11.00 сағ.

U17 санатындағы жеңімпаздарды марапаттау

 

11 тамыз

11.30 сағ.

Elite, U23, U19 санатындағы спортшылар жарысының басталуы

13.00 сағ.

Elite, U23, U19 санатындағы жеңімпаздарды марапаттау

11.30 сағ.

Age Group санатындағы спортшылар жарысының басталуы

14.00 сағ.

Age Group санатындағы жеңімпаздарды марапаттау


Анықтама

Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.

Айта кетсек, 3-4 тамыз күндері Алматыдағы Сайран көлінде Қазақстан триатлон федерациясы ұйымдастырған TEMIRADAM кубогының сегізінші кезеңі өтті. Жарысқа IRONMAN чемпионаты секілді 18 бен 60 жас аралығындағы әуесқой триатлоншылар қатысты. 

TEMIRADAM кубогының финалдық кезеңі күзде Ақтауда өтеді.