Еліміздегі ең үлкен стадионның құрылысы басталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Еліміздегі ең үлкен стадионның құрылысы басталды
Фото ©️ Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласында еліміздегі ең үлкен стадионның құрылысы басталды. Бүгін салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, іргетасын қалады. Алаң Тұран – 2 шағынауданында бой көтереді.

БӨЛІСУ

35 мың адамға лайықталған жаңа аренаның аумағы – 21 гектар. Заманауи стадион қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын арттыра отырып, футболшылар мен жанкүйерлерге шабыт берері сөзсіз. Сондай-ақ әлемдік додалар өткізуге мүмкіндік береді және туризмнің дамуына ықпал етеді.

Стадион құрылысын 2026 жылдың ортасына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл еліміздегі ең үлкен стадион болмақ. 

Қазақстандағы ең үлкен футбол алаңдары:

1. "Астана Арена" – 30 200
2. Алматы Орталық стадионы – 23 804
3. Мұңайтпасов атындағы стадион (Шымкент) – 20 000
4. "Шахтер" Орталық стадионы (Қарағанды) – 19 500
5. Қобыланды батыр атындағы стадион (Ақтөбе) – 13 500

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте тек Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы "Орталық" стадион бар. Стадион 1969 жылы пайдалануға берілген. Сыйымдылығы – 18 000 орын. 2003 жылдан бері "Ордабасы" клубының негізгі аренасы болып келеді. Бұл алаң да қосымша жөндеуден өтіп, ойындар мен жеңіл атлетика жарыстары ұйымдастырылатын стадион болады.