Эльжана Тәниева Олимпиада алдындағы соңғы әлемдік жарысқа қатысады

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Эльжана Тәниева Олимпиада алдындағы соңғы әлемдік жарысқа қатысады
Фото ©️ olympic.kz

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Эльжана Тәниева Олимпиада қарсаңындағы соңғы ірі турнирге қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

23-28 шілде аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі өтеді. 

Бұл бәсекеде Әлия Юсупова жаттықтыратын Эльжана Тәниева бақ сынайды. Аталған турнир гимнастар үшін Париж Олимпиадасының алдындағы шешуші турнир болмақ. 

Румыниядағы әлем кубогіне көркем гимнастикадан Париж Олимпиадасына жолдама алған 24 спортшы да қатысады.

Айта кетелік, қазіргі таңда Эльжана Тәниева Германиядағы жаттығу базасында дайындалып жатыр. Спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын Ташкенттегі лицензиялық Азия чемпионатында жеңіп алған болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!