Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Лиллехаммерде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында қола жүлде еншіледі.
БӨЛІСУ
Отандасымыз еркін бағдарламада 108,77 ұпайға ие болды. Нәтижесінде қос бағдарлама қорытындысы бойынша 167,88 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.
Жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың алтын және күміс жүлдесін Ресей елінің спортшылары Полина Цурская (186,04) мен Марина Сотскова (169,50) жеңіп алды.
Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола жүлдені салып отыр. Осыған дейін биатлоншы Арина Пантова 6 шақырымға созылған спринттік сында үшінші келген болатын.