Элизабет Тұрсынбаева жеңісін қазақстандық балаларға арнады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Элизабет Тұрсынбаева жеңісін қазақстандық балаларға арнады

Қазақстандық жас мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Польшаның Торунь қаласында өткен дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасын тауып тұратын халықаралық «Mentor Nestle Torun Cup» турнирінде топ жарды.

БӨЛІСУ

Қысқа және негізгі бағдарламада да отандасымыз бірінші орыннан көрінді. Қос жаттығу қорытындысында 147,50 ұпаймен қарсыластарын жолда қалдырды. Күміс медальды еншілеген швециялық ару Матилда Алгатсон Элизабетадан 24,72 ұпайға қалып қойды. Қола жүлде британиялық спортшы Кристин Споурсқа (121,85 ұпай) бұйырды.

14 жастағы Элизабет Тұрсынбаева бұл жеңісін қазақстандық балаларға арнады. Келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жарқын жеңістер тіледі. Қазіргі таңда отандасымызды әйгілі канадалық бапкер Брайан Орсер жаттықтырады.

Сурет: prosportkz.kz