Элизабет Тұрсынбаева Азиаданың қысқа бағдарламасында 6-орын алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Элизабет Тұрсынбаева Азиаданың қысқа бағдарламасында 6-орын алды
Фото ©️ Eder

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиаданың қысқа бағдарламасында алтыншы орын алды, - деп хабарлайды vesti.kz cайтының қазақ бөлімі.

БӨЛІСУ

17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы 53,16 ұпай жинады. Элизабет Тұрсынбаевадан аустралиялық Кэйлани Крэйн (55,02 ұпай), қытайлық Ли Цзыцзюнь (58,65) мен Чжао Цикан (58,90), жапон спортшысы Рика Хонго (60,98) және Оңтүстік Корея өкілі Чой Да Бин (61,30) озды.

Алматыдағы Универсиада ойындарында «Көроғлы» күйіне билеп, көпшіліктің көңілінен шыққан Айза Иманбек 49,99 ұпаймен 8-орынға тұрақтады.

Еркін бағдарлама бойынша жарыстар 25 ақпан күні өтеді.