Елена Рыбакинаның Уимблдоннан кейінгі алғашқы матчы сенсациямен аяқталды

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Елена Рыбакинаның Уимблдоннан кейінгі алғашқы матчы сенсациямен аяқталды
Фото ©️ Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Американың Цинциннати қаласында өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Рыбакина 1/16 финалдық кезеңде канадалық теннисші Лейла Фернандеспен шеберлік байқасып, үш сетте 6:3, 6:7, 4:6 есебімен жеңілді. Екінші сетте Рыбакинаның матчты түйіндейтін мүмкіндігі болған, бірақ ол мұны пайдалана алмады. Ойын екі сағат 35 минутқа созылды.

25 жастағы қазақстандық спортшы матч кезінде 20 эйс жасап, 17 қос қате жіберді.

Айта кетейік, бұл - Елена Рыбакина үшін Уимблдон турнирінен кейінгі алғашқы ойыны. Ол Лондондағы Үлкен дулыға турнирінен кейін Олимпиадаға қатысуы керек еді, бірақ денсаулығына байланысты бас тартты. Артынша Торонтодағы турнирге де қатыспады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!