Елена Рыбакина тағы да "Ролан Гарростың" ширек финалынан аса алмады

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Елена Рыбакина тағы да "Ролан Гарростың" ширек финалынан аса алмады
Фото ©️ instagram.com/rolandgarros

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" ширек финалындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Қазақстандық теннисші бұл айналымда италиялық спортшы, әлемнің 15-ракеткасы Жасмин Паолинимен кездесті.

Ол қарсыласынан 2:6, 6:4, 4:6 есебімен жеңілді.

Рыбакина екі сағаттан аса уақытқа созылған матч кезінде 10 эйс жасап, үш рет допты ойынға қоса алмады. Ол 11 брейк-пойнттың тек бесеуін сәтті пайдалана білді. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина 2021 жылы осы турнирдің ширек финалына дейін жетіп, онда ресейлік Анастасия Павлюченковаға есе жіберген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!