Елена Рыбакина тағы бір турнирге қатысудан бас тартты

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Елена Рыбакина тағы бір турнирге қатысудан бас тартты
Фото ©️ instagram.com/wimbledon

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Истборндағы (Ұлыбритания) турнирге қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Рыбакина бұл турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген еді, бірақ кестесіндегі өзгерістерге байланысты жарысқа қатысудан бас тартты.

Спортшы екінші айналымда ұлыбританиялық теннисші Хэрриет Дартпен (әлемнің 105-ракеткасы) кездесуі керек еді. Енді Дарт "лаки-лузер" – америкалық София Кенинмен (әлемнің 48-ракеткасы) ойнайды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшы денсаулығына байланысты Берлиндегі WTA 500 турнирінде Беларусь теннисшісі, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Виктория Азаренкоға қарсы матчты жалғастырудан бас тартқан еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз