Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open жарысын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open жарысын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина (#4) мен Юлия Путинцева (#32) Америка ашық біріншілігін (US Open) жеңіспен бастады. 

БӨЛІСУ

Елена бірінші айналымда аустралиялық Дестани Айявамен (#143) кездесті. Екі сет қорытындысы бойынша қарсыласын 6:1 және 7:6 есебімен жеңіп шықты. 

US Open турнирі алдында Елена Рыбакина өз бапкерімен арадағы келісімшартты тоқтатқан болатын. Жарысқа оны Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин дайындаған. Келесі айналымда Рыбакина француз Джессика Поншемен (#143) кортқа шығады.

Юлия Путинцева бірінші ойынында чех Линда Носковамен (#25) ойнады. Қарсыласын 7:6, 6:4 есебімен жеңіп шықты. Екінші айналымда қытайлық Синьюй Ванмен (#40) кездеседі.

Ерлер арасында екінші айналымға Александр Шевченко ғана шықты. Тимофей Скатов пен Александр Бублик бірінші айналымда жарысты аяқтады.