Елена Рыбакина Қазақстан құрамасына кезекті рет келмейтін болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Елена Рыбакина Қазақстан құрамасына кезекті рет келмейтін болды
Фото ©️ ktf.kz

Теннистен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты саналатын "Билли Джин Кинг" турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі шықты, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Қазақстан 16-17 қараша күндері Астанада Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі. "Билли Джин Кинг" кубогының ресми сайты екі құрама сапында ойнайтын теннисшілер құрамын жариялады. 

Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Елена Рыбакина жоқ. WTA рейтингінде 5-орында тұрған теннисшінің неліктен қатыспайтыны әзірге белгісіз. Бұған дейін Олимпиада және өзге де командалық жарысқа қатыспаған еді. Құрамға Зарина Дияс (379) оралған. Ол жуырда ғана Түркияда өткен турнирде топ жарды

Қазақстан құрамасы

Юлия Путинцева (WTA рейтингіндегі орны - 29)
Жібек Құламбаева (311)
Зарина Дияс (379)
Анна Данилина (жұптық сайыста 23-орында)

Оңтүстік Корея құрамасы

Да Ён Бак (324)
Со Хён Пак (374)
Ку Ён Ву (437)
Да Бин Ким (980)