Елена Рыбакина Берлиндегі жарысты жалғастыра алмай қалды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Елена Рыбакина Берлиндегі жарысты жалғастыра алмай қалды
Фото ©️ WTA

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан WTA 500 турнирін уақытынан бұрын аяқтады. Ол беларусь теннисшісі Виктория Азаренкоға қарсы ойынды жалғастыра алмады.

БӨЛІСУ

Корттағы ойын 28 минутқа қана созылды. Елена өзін жайсыз сезініп, кездесуді жалғастырудан бас тартты. Бұл кезде 3:1 есебімен беларусь қызы алда болатын. 

Виктория Азаренко жартылай финалда Анна Калинская (Ресей) - Арина Соболенко (Беларусь) арасында өтетін ойын жеңімпазымен кездеседі.