Елена Рыбакина World Tennis League турнирінде жеңімпаз атанды

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Елена Рыбакина World Tennis League турнирінде жеңімпаз атанды
Фото ©️ Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен ірі халықаралық World Tennis League турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Турнирге әлемнің түрлі елінен келген теннисшілерден құралған төрт команда қатысты.

Falcons: Андрей Рублев (Ресей), Денис Шаповалов (Канада), Елена Рыбакина (Қазақстан), Каролин Гарсия (Франция).

Eagles: Александр Шевченко (Қазақстан), Стефанос Циципас (Греция), Ига Швентек (Польша), Паула Бадоса (Испания).

Kites: Ник Кирьос (Аустралия), Каспер Рууд (Норвегия), Симона Халеп (Румыния), Жасмин Паолини (Италия).

Hawks: Джордан Томпсон (Аустралия), Сумит Нагал (Үндістан), Мирра Андреева (Ресей), Арина Соболенко (Беларусь).

Нәтижесінде финалда Falcons мен Hawks командалары кездесті. Рыбакина командасы 20-16 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина жаңа маусымда бір чемпиондық атағын қорғай алмайтынын жазған едік. Қазақстандық теннисші 27 желтоқсан - 5 қаңтар аралығында Аустралияның Сидней және Перт қалаларында аралас командалық сында United Cup турниріне қатысады.

Елена осы маусымда Брисбенде WTA 500 додасында былтырғы чемпиондық атағы мен 500 рейтинг ұпайын қорғауға тиіс еді, бірақ ол командалық турнирге қатысатын болды.

Қазақстан құрамасы United Cup турниріне екінші рет қатысып отыр. 2023 жылы қазақстандықтар алғаш рет бақ сынаған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз