Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық нәтижелер бойынша рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Жекелей сын бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір орын төмен сырғыды. Жаңарған рейтингте ол 6-орыннан көрінді.
Елена Рыбакина жуырда ғана Эр-Риядта өткен жылдың қорытынды турниріне қатысты. Айналмалы жүйе бойынша өтетін жарыста күлгін топқа түсті. Италиялық Жасмин Паолини мен қытайлық Чжан Цинвэнға есе жіберіп, жартылай финалға шыға алмады. Ал Арина Соболенкоға қарсы ойында жеңіске жетті.
Алғашқы үштікте өзгеріс болған жоқ. Арина Соболенко көшбасшы болса, Ига Швентек (Польша) пен Кори Гауфф (АҚШ) алғашқы үштікте келеді.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева нәтижесінде өзгеріс жоқ. Ол 29-орнын сақтап қалған. Жұптық сайыс бойынша Анна Данилина 22-орында тұр.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!