Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке ерекше мәртебе берді. Отандасымыз алдағы жарыстарда есімі алтын түспен жазылған кимономен татамиге шығатын болады, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
IJF қазақстандық спортшыға хат жолдап, нөмір берген. 60 келіде Париж Олимпиадасында топ жарған Елдостың кимоносындағы есімі алтын түсті жазумен жазылады. Бұл - төрт жылдықтың басты ойындарында топ жарған дзюдошыларға берілетін ең басты мәртебе.
Айта кетейік, үш бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған алғашқы қазақ дзюдошысы. Ол Риода күміс, Токиода қола медаль иеленіп, биыл Париж Олимпиадасында чемпион атанды.