2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов өзінің бірінші бапкеріне жаңа көлік сыйға тартты, - деп хабарлайды msport.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап .
Бейсенбі күні Олимпиада чемпионы туған жері Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданына табан тіреді. Елдосты көруге келген халық санынан көз сүрінеді. Осы сәтті пайдаланып аудан әкімі ерен еңбегі мен жеткен жетістігі үшін Сметовке жаңа автокөлік сыйға тартқан.
Ел алдында сөз алған Сметов бұл көлікті өзінің бірінші бапкері, зейнеткерлікке шыққан, бірақ әлі де балаларды жаттықтыруды жалғастырып жатқан Ахмет Жұмағұлға беруді жөн санайтынын айтты.
"Міне, нағыз Олимпиада чемпионы! Бұл кісіге алғысым шексіз. Сізге көп рахмет! Бұл кісі қандай көлік мінсе де, аздық етеді...", - дейді үш дүркін Олимпиада жүлдегері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін Сметовке екі көлік берілген – біреуі Алматыда, екіншісі Таразда. Сонымен қатар Тараз қаласында оған бес бөлмелі пәтер және 2,6 миллион теңге ақшалай сыйақы берілді. Оған қоса алтын медаль үшін 250 мың доллар (120 миллион теңгеге жуық) алады. Қазіргі жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев те автокөлік пен екі бөлмелі пәтермен марапатталды.