Елдос Сметов Олимпиада ойындарынан кейінгі жаттығуын бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Елдос Сметов Олимпиада ойындарынан кейінгі жаттығуын бастады
Фото ©️ olympic.kz

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жаттығуына кірісті. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, - деп жазады msports.kz.

БӨЛІСУ

"Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Баршаңызға қайырлы күн! Олимпиададан соң алғашқы жаттығу өте керемет өтті", - деді. 

Сондай-ақ ақтаулық жанкүйерлері мен жанашырларын құлақтандырып, бүкіл Қазақстан бойынша турын Ақтау қаласынан бастайтынын айтты. 

Елдос Сметов - үш бірдей Олимпиада ойындарында (алтын, күміс, қола) жүлде алған қазақстандық жалғыз дзюдошы. Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ дзюдошысы ғана емес. Тұңғыш деген атаққа талай қол жеткізген. Ол дзюдодан жастар арасында әлем чемпионы болған бірінші қазақ балуаны (2010 ж.), Азия ойындарының чемпионы атанған бірінші қазақ дзюдошысы (2014), ересектер арасында дүниежүзінің чемпионы болған ең алғашқы қазақ дзюдошысы (2015), ересектер арасындағы үш әлем чемпионатында медальға ие болған Қазақстан Республикасының тұңғыш дзюдошысы (2015,2019, 2022).