Елдос Сметов жылдың үздік дзюдошысы атана алмады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Елдос Сметов жылдың үздік дзюдошысы атана алмады
Фото ©️ astanatv.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Парижде 2024 жылғы маусымды қорытындылап, үздіктерді марапаттады, - деп хабарлайды massaget.kz

БӨЛІСУ

IJF Judo Awards 2024 марапаты 8 аталым бойынша табысталды. Үздіктерді анықтау екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Бірінші кезең онлайн дауыс беру арқылы болса, екінші кезең IJF Judo Awards комитетінің таңдауымен өтті. 

Қазақстан құрамасы сапында Елдос Сметов ерлер арасында жылдың үздік дзюдошысы марапатына үміткер болып, үштікке енген. Ал Ғалымжан Қырықбай "үздік иппон" аталымына үміткерлер тізіміне қосылған болатын. 

Қазақстандық екі дзюдошы да марапатты иелене алмады. Ерлер арасында әзербайжан Хидаят Гейдаров IJF таңдауымен үздік атанды. Ол 2024 жылы Олимпиада, әлем және Еуропа чемпионы болды. Ал Тедди Ринердің Олимпиада финалындағы жеңіске жеткен сәті "жыл иппоны" деп танылды.

IJF Judo Awards номинация иегерлері: 

• Хидаят Гейдаров (Әзербайжан) - үздік дзюдошы. 2024 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы. Әлем және Еуропа чемпионы.

Криста Дегучи (Канада) - әйелдер арасында үздік дзюдошы. Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Диёра Келдиёрова (Өзбекстан) - Париждегі Олимпиада ойындарында Абэ Утаны жеңуі "жылдың үздік сәті" деп танылды.

2024 жылдың үздік жаттықтырушысы -Баптист Леруа, дзюдодан Франция құрамасының бас бапкері. Марко Шпитка да Диера Келдиерованы дайындағаны үшін бұл марапатқа ие болды. Одан бөлек, әзербайжандық Ричард Траутманн ерлер арасында 2024 жылдың үздік жаттықтырушысы атанды.

• Джоан Бенджамин Габа (Франция) - үздік жас дзюдошы. Олимпиада кезінде командалық сайыста Хифуми Абэні жеңгені және жекелей сында күміс алғаны үшін марапатталды.

Африкалық дзюдо қауымдастығы Оңтүстік Африкада дзюдо залдарын ашқаны үшін "Бейбітшілік үшін дзюдо" сыйлығын алды.

•  "Балаларға арналған дзюдо" номинациясын Францияның дзюдо федерациясы Францияның қолайсыз аймақтарында 300 клуб ашу жобасымен алды.

•  Тедди Ринердің Олимпиада финалындағы жеңіске жеткен сәті "жыл иппоны" деп танылды.