Елдос Сметов Дюссельдорфтағы Гран-При турниріне қатысады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Елдос Сметов Дюссельдорфтағы Гран-При турниріне қатысады
Фото ©️ Informburo.kz

Дзюдодан 24-26 ақпан күндері Германияның Дюссельдорф қаласында Гран-При турнирі өтеді. Халықаралық бұл додаға Қазақстан құрамасы сапында 17 дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов те бар.

БӨЛІСУ

11-12 ақпан күндері Парижде өткен Гран-При турниріне Қазақстан атынан 5 дзюдошы қатысқан еді. Алайда олар жүлделі орыннан көріне алмаған-ды. Сондай-ақ, ол жарысқа Елдос Сметов қатыспаған болатын. Нәтижесінде IJF рейтингінде бірінші орыннан төртінші орынға төмен сырғыған еді.  

Қазақстан құрамасының құрамы:

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Бауыржан Жауынтаев
66 келі: Азамат Мұқанов, Ғұмар Қырғызбаев
73 келі: Жансай Смағұлов
81 келі: Азиз Қалқаманұлы, Қажымұқан Өтеулиев
90 келі: Даулетхан Жақыпов
100 келі: Айбек Серікбаев
+100 келі: Ержан Шынкеев, Еламан Ерғалиев

Қыздар:

52 келі: Айкүнім Түйтекова
63 келі: Мариян Урдабаева
70 келі: Ділбəр Өмірəлиева, Жанар Қашқын
78 келі: Альбина Амангелдиева
+78 келі: Гүлжан Исанова