Елдос Сметов 2028 жылы Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді

Дина Ибраева Корреспондент
Дина Ибраева>
Елдос Сметов 2028 жылы Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Фото ©️ ©Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында алтын медаль алған дзюдошы Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Спортшы бұл туралы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында хабарлады. 

"Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Жасым келді деген әңгімелер де айтылды. Бірақ қараңызшы, Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алды ғой. Осыдан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес деген дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк Туымызды тағы да биікке көтергім келеді", - деді Елдос Сметов.

Еске салайық, дзюдошы Елдос Сметов биыл Парижде өткен олимпиадада алтын, 2016 жылы Рио де Жанейрода күміс, 2020 жылы Токиода қола медаль жеңіп алған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!