Елдос Жұмақанов тунистік қарсыласын 11 секундта жеңді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Елдос Жұмақанов тунистік қарсыласын 11 секундта жеңді (видео)
Фото ©️ confederation.kz

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында бақ сынап жатқан отандасымыз Елдос Жұмақанов үшінші айналымға өтті. Екінші айналымда қазақстандық спортшы тунистік Хоусем Халфауиді 11 секундта жеңді.

БӨЛІСУ

Бүгін ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта екі спортшымыз жарыс жолына шыққан болатын. Ұлттық құрама капитаны Азамат Мұқанов француз Корвалға қарсы белдесуде ереже бұзып, жарыстан шығып қалды. Ал Елдос Жұмақанов бірінші белдесуінде кипрлік Крассиас Андреасты иппонмен жеңсе, екінші айналымда тунистік Хоусем Халфауиді да 11 секундта иппонмен тізе бүктірді. Енді үшінші айналымда ұлыбританиялық Котес Колинмен белдеседі.

Әйелдер арасында бүгін 52 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар анықталады. Қазақстандық Олеся Куценко бірінші айналымда тунистік Аяра Хелаға есе жіберсе, Лунара Мингазова үшінші кезеңге аяқ басты. Отандасымыз үшінші айналымда бразилиялық Эрика Мирандамен кездеседі.

    Nation     1stplace         2ndplace          3rdplace         5thplace         7thplace    
1. Kazakhstan (KAZ) 1 1 0 0 0
2. Argentina (ARG) 1 0 0 0 0
3. Japan (JPN) 0 1 2 0 0
4. Korea, South (KOR) 0 0 2 0 1
5. Brazil (BRA) 0 0 0 2 0
6. Mongolia (MGL) 0 0 0 1 0
6. Ukraine (UKR) 0 0 0 1 0
8. Hungary (HUN) 0 0 0 0 1
8. Romania (ROU) 0 0 0 0 1
8. Uzbekistan (UZB) 0 0 0 0 1


Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын 1 күміс жүлде бар. Жалпыкомандалық есепте бірінші орында келеді.

Әлем чемпионатын тікелей эфирде сілтемеге өтіп көре аласыздар.