Алматының «Қайрат» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Елдос Ахметовпен толықты. Бұл туралы алматылық команданың ресми сайты хабарлады.
БӨЛІСУ
Футболшы мен клуб басшылығы үшжылдық келісімшартқа қол қойған.
Айта кетейік, Елдос Ахметов – Тараз футбол мектебінің түлегі. Премьер-лигадағы алғашқы ойынын 2009 жылы Павлодардың «Ертіс» клубында өткізген. 2012 жылы «Таразға» ауысып, екі маусым бойы осы команданың намысын қорғады. Кейіннен «Астанаға» ауысып, үш жылдай елордалық ұжым жейдесінде тер төкті. 38 ойынға қатысып, 1 гол соққан. Ал соңғы маусымда Елдос «Ертісте» ойнады. Қорғаушы 23 ойында 4 гол соқты.