Футболдан Қазақстан Республикасы кубогының екінші айналымында кездесетін командалар жұбы белгілі болды. Назарларыңызға жеребе қорытындысын ұсынамыз.
Осыдан екі күн бұрын ел кубогының 1/16 финалындағы ойындар өткен болатын. Ал 1/8 финалда өткен маусымның жартылай финалына шыққан "Шахтер", "Тараз", "Ертіс" және "Ақтөбе" командалары қосылатынын және үздік көрсеткіш көрсеткен «Астана» командасы да жарысты осы кезеңнен бастайтынын хабарлаған болатынбыз. Жаңа ғана Астана қаласында тартылған жеребе төмендегі клубтарды жұптастырды.
"Қайрат" (Алматы) - "Гефест" (Қарағанды)
"Тобыл" (Қостанай) - "Қыран" (Шымкент)
"Тараз" (Тараз) - "Ордабасы" (Шымкент)
"Лашын" (Қаратау) - "Шахтер" (Қарағанды)
"Ертіс" (Павлодар) - "Қызыл-Жар СК" (Петропавл)
"Восток" (Өскемен) - "Атырау" (Атырау)
"Астана" (Астана) - "Астана-1964" (Астана)
Бір ғана ойыннан тұратын кездесулер 14 мамыр күні өтеді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: kff.kz