Футболдан Қазақстан Республикасы кубогының жеребесі тартылды. Бұл туралы еліміздің кәсіпқой футбол лигасы қауымдастығының ресми сайты хабарлап отыр.
Жеребе бойынша бірінші айналымда 22 команда өнер көрсетеді. 11 жұптың келесі кезеңге өткен жеңімпаздары қатарына екінші айналымда өткен маусымның жартылай финалына шыққан "Шахтер", "Тараз", "Ертіс" және "Ақтөбе" командалары қосылады. Сонымен қатар, үздік көрсеткіш көрсеткен «Астана» командасы да жарысты осы кезеңнен бастайды.
Ережеге сәйкес алғашқы айналымда премьер-лига командалары бірінші лигадағы командалармен кездеседі. Ал ойындар да бірінші лига клубтары мен аутсайдер команда алаңында өтеді.
Сонымен жеребе қорытындысы төмендегідей:
"Жетысу-Сұңқар" - "Қайсар"
"Болат" - "Атырау"
"Гефест" - "Жетісу"
"Екібастұз" - "Ордабасы"
"Бәйтерек" - "Тобыл"
"Лашын" - "Спартак"
"Оқжетпес" - "Қайрат"
"Астана-1964" - "Мақтарал"
"Каспий" - "Восток"
"ЦСКА - "Қызылжар"
"Қыран" - "Ақжайық"
Алғашқы айналым кездесулері 23 сәуір күні өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, өткен маусымдағы ел кубогын қарағандылық «Шахтер» «Тараз» командасын бір доп басымдығымен жеңіп иеленген болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай