Ел кубогындағы ширек финалдық жұптар анықталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ел кубогындағы ширек финалдық жұптар анықталды

Бүгін футболдан ел кубогының ширек финалдық ойындарының жеребесі тартылды. Назарларыңызға нәтижесін ұсынамыз.

БӨЛІСУ

Астана қаласындағы Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде өткен жеребеде төмендегі командалар жұп құрады.

«Шахтер» (Қарағанды) – «Ертіс» (Павлодар)

«Астана» (Астана) – «Тобыл» (Қостанай)

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Тараз» (Тараз)

«Атырау» (Атырау) – «Қайрат» (Алматы)

Бір ғана кездесуден тұратын ойындар 18 маусым күні өтіп, жартылай финалға шыққан командалар анықталатын болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kazsporttv.kz