Қазақстандық клубтар 2014/2015 жылғы маусымдағы еурокубок жолындағы жарыстарын аяқтады. Ел намысын қорғаған командалар нашар нәтиже көрсеткен жоқ. Мұны УЕФА рейтингісіндегі көрсеткіштеріне қосылған ұпайларынан да байқауға болады.
Еуропаның клубтар рейтингісінде қазіргі таңда 454 клуб бар. Бұл санаттағы тізімге соңғы 5 жылда еурододаға қатысқан футбол ұжымдары ғана енеді. Осы жылы тізімнен шығып қалған көкшетаулық «Оқжетпес» орнына алматылық «Қайрат» қосылды. Ал ел клубтары арасындағы бұл тізімде «Ақтөбе» алда тұр. Олар өткен маусымдағы орнынан 17 саты алға жылжыды. «Кеншілер» ұжымы 33 орын алға озса, «Астана» 94 саты жоғары бір-ақ көтерілді. Бұл, әрине осы маусымдағы соңғы рейтинг емес. Жарыс жолын жалғастырып жатқан командалардың ел клубтарын басып озуға мүмкіндіктері бар. Қазақстандық клубтардың осы маусымда жинаған ұпайлары мен көрсеткіштері төмендегідей.
«Ақтөбе» — 8,575 ұпай, 179 орын (8,150 ұпай, 196 орын);
«Шахтер» — 6,825 ұпай, 213 орын (5,400 ұпай, 246 орын);
«Астана» — 3,825 ұпай, 309 орын (1,900 ұпай, 403 орын);
«Тобыл» — 3,325 ұпай, 325 орын(3,400 ұпай, 329 орын);
«Ертіс» — 3,075 ұпай, 344 орын (2,900 ұпай, 349 орын);
«Қайрат» — 2,575 ұпай, 367 орын(-);
«Ордабасы» — 2,575 ұпай, 367 орын (2,150 ұпай, 388 орын);
«Атырау» — 2,575 ұпай, 367 орын (2,150 ұпай, 388 орын);
«Жетісу» — 2,325 ұпай, 384 орын (1,900 ұпай, 403 орын);
Жақша ішіндегі өткен маусымдағы көрсеткіштері
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: liter.kz