
Өте жеңіл салмақта UFC чемпионы болған Деметриус Джонсон жеңіл дивизионда титулы бар Ислам Махачевті салмағына қарамастан ең мықты файтер есептейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір Ислам Махачев - салмағына қарамастан әлемдегі ең мықты файтер. Ол тік тұрып керемет жұдырықтасады, күреске мықты. Ол әмбебап. Мен үшін "паундтағы" ең мықты файтер - сол. Оның артынан бірден Джон Джонс ереді, өйткені оның да қолынан бәрі келеді", - деген Джонсонның сөзін vRINGe.com келтірді.
Джонсонның пікірінше, дағыстандық чемпионда жоғары салмақта да сәтті өнер көрсетуге керектің бәрі бар.
"Исламмен бірге жаттықанымда оның ірі екенін байқадым. Ол жартылай орта салмақта да өнер көрсете алады. Жалғыз қиындық бойында ғана. Бірақ игерген дағыдалырмен ол осы дивизионда да жетістікке жете алады", - дейді Джонсон.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, жартылай орта дивизионда жеңіліп көрмеген Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді. Бұған дейін Махачев осы дивизионға ауысса, Рахмоновпен жекпе-жекке шығуы ықтимал екені айтылған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз