Екінші алтын: Ақмарал Науатбек Паралимпиада чемпионы атанды

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Екінші алтын: Ақмарал Науатбек Паралимпиада чемпионы атанды
Фото ©️ Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Ақмарал Науатбек Паралимпиада чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Спортшы пара дзюдодан сынға түсті. Ол 48 келі салмақта финалға шыққан болатын (J2 категориясы).

Шешуші белдесуде Ақмарал франциялық Сандрин Мартинемен кездесіп, "иппон" ұпайымен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Давид Дегтяров  (пара пауэрлифтинг) алтынға қол жеткізді. 

Мерген Еркін Ғаббасовтың еншісінде күміс, пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбековте қола медаль бар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!