Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияның Варна қаласында өткен Challenger Cup турнирінде үш жүлде иеленді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі.
Тұтқалы ат снарядында Нариман Курбанов 15.433 ұпаймен жеңіс тұғырынан көрінді. Күміс пен қоланы тиісінше Өзбекстан мен Хорватия спортшылары иеленді.
Еркін жаттығуда қазақстандық Дмитрий Патанин 14.033 ұпаймен алтын жүлдегер атанды. Осы жаттығуда қола медальді тағы бір спортшымыз Салим Асанов (13.533) еншіледі.
Айта кетелік, бұл Қазақстан құрамасының Олимпиада қарсаңындағы дайындық кезеңдерінің бірі саналады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!