Халықаралық дзюдо федерациясы Әбу-Дабиде өткен "Grand Slam" жарысынан кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты.
"Grand Slam" жеңімпазы атанған Ғұсман Қырғызбаев 3 сатыға жоғарылап, жаңа рейтингте 8-ші орынға жайғасты. Аталған жарысты 5-ші орынмен аяқтаған Елдос Сметов 2-ші орынға көтерілді.
Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық дзюдошылар келесідей орналасқан (1-50):
60 кило
Елдос Сметов – 2 орын (5481 ұпай)
Ғұсман Қырғызбаев – 8 (4026)
66 кило
Ерлан Серікжанов – 9 (3456)
Елдос Жұмақанов – 13 (3209)
73 кило
Жансай Смағұлов – 26 (2050)
81 кило
Дидар Хамза – 19 (2528)
Руслан Мусаев – 42 (1280)
90 кило
Ислам Бозбаев – 11 (3462)
-100 кило
Виктор Демьяненко – 48 (953)
+100 кило
Ерасыл Қажыбаев – 34 (1481)