Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Азия ойындарында 81 кг-ға дейінгі салмақта топ жарды. Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынына түскен оныншы алтын медаль.
Дидар финалда ирандық дзюдошы Саид Моллаимен кездесті. Тартысқа толы болған белдесудің соңғы сәтінде отандасымыз шидо саны бойынша жеңіске жетті.
Қазақстандық дзюдошы алғашқы кездесуінде тай спортшысы Терада Масаюкиді ваззари әдісімен жеңді. Одан кейін моңғол Ууганбаатар Отгонбаатарды иппонмен жеңді. Жартылай финалда Гран-При жарыстарында топ жарып жүрген танымал жапон Такеши Сасакиді таза жеңді.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 10 алтын 11 күміс 35 қола медальмен жалпы есепте 10-орынға көтерілді.