13-15 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олимпиада ойындарынан кейін өтетін ресми турнирге қазақстандық спортшылар да қатысады.
Загреб төрінде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
Ерлер
60 келі: Шерзод Давлатов;
66 келі: Жанарыс Рахметқали, Нұрқанат Серікбаев;
81 келі: Асқар Нарқұлов, Руслан Мұсаев;
90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Айбол Нысаналы;
100 келі: Құдырет Досымов.
Қыздар
48 келі: Ғалия Тынбаева;
52 келі: Толғанай Әбеуова;
63 келі: Самалай Ерғалиева;
78 келі: Аруна Жангелдина;
+78 келі: Ақерке Рамазанова, Карина Тәкиева.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!