Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Асхат Житкеев отставкаға кетті. Бұл туралы "Аламан" спорт порталы хабарлайды.
БӨЛІСУ
Федерацияның хабарлауынша, Асхат Житкеевтің орнына уақытша бапкер болып Жәкен Саламатов тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, Житкеев 2008 жылғы Пекин олимпиадасының күміс жүлдегері. Кейін ұлттық құрама тізгінін ұстап, әлем кубоктарының кезеңдеріне, Париждегі әлем чемпионатына және Гуанжоудағы Азия ойындарына ұлтық құраманы бастап апарған. Житкеевтің қызметінен кетуіне Қазақстан дзюдо құрамасының Лондон олимпиадасындағы нашар нәтижесі себеп болып отыр.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет:www.prosportkz.kz