3-4 маусым күндері Австрияның Лейбниц қаласында жастар арасында дзюдодан Еуропа кубогы өтті. Халықаралық додада қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болып, жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.
Еуропа кубогында 4 алтын, 1 қоламен Жапония жастары бірінші орын алса, 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен Ресей дзюдошылары екінші орынға табан тіреді.
Қазақстан құрамасы сапында аттанған 30 дзюдошының 5-і жүлделі орыннан көрінді. 60 келіге дейінгі салмақта екі бірдей жүлде бұйырды. Нұрсұлтан Серәлі финалда Жасұлан Отарбекті жеңіп, екеуі алтын мен күміс медальды қоржынға салды. Ал 66 келіге дейінгі салмақта Сұңғат Жұбатқан үздік шықты. Бауыржан Нарбаев (55 келі) пен Барыс Қуан (73 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.