Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынайды. Бүгінде турнирге қатысатын отандық спортшылар белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 31 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Оңтүстік Кореяның Мунген қаласында өтеді. Аталған сында ел намысын 19 жас атлет қорғамақ.
Қазақстан командасының құрамы:
Ұлдар:
60 келі: Данияр Құлешев, Мадияр Серіков;
66 келі: Аян Байкенжеев;
73 келі: Ернар Кеңесхан;
81 келі: Глеб Азаров, Данил Крылов;
90 келі: Егорь Раков;
-100 келі: Дінасыл Тәттімбек;
+100 келі: Жантілек Нұртілепұлы.
Қыздар:
48 келі: Сәбина Юлдашбекова, Тасним Әбдуәлі;
52 келі: Аяулым Қайрат, Нұрайлым Сәрсенбек;
57 келі: Дина Мұханбет;
63 келі: Ұлдана Таңжарықова;
70 келі: Әділ Сағира;
-78 келі: Анастасия Нагачевская;
+78 келі: Руслана Махатова.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!