Дзюдодан Алматыдағы «Гран При» турнирі мәресіне жетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Дзюдодан Алматыдағы «Гран При» турнирі мәресіне жетті
Фото ©️ fdk.kz

Дзюдодан Алматыдағы «Гран При» турнирі мәресіне жетті. 3 күнге созылған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орын алды. Бұл туралы ҚР дзюдо қауымдастығының ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Бірінші күні ерлер 60, 66 келіге дейінгі салмақта, қыздар 48, 52, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шықты.

Ерлер құрамасында 60 келіде Рустам Ибраев финалға жолдама алып, қарсыласы Манзи Элиосудан айласын асыра алмай, екінші орын алды. Өкінішке орай, Тельманов Асхат пен Имашев Айбек өзбекстандық дзюдошылардан жеңіліп, бесінші орындарды місе тұтты. Айта кетерлігі, бұл салмақ дәрежесінде жастар құрамасынан шыққан Қылыш Еренғайыпов айтарлықтай нәтиже көрсетіп, жетінші орынға орналасты.

66 келідегі Жансай Смағұлов жапондық Маруями Жошариомен финалда кездесіп, есе жіберді. Жұмақанов Елдос Италия спортшысы Басиле Фабионы жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Алтынды 48 келіде сынға түскен Галбадрах Отгонцецег қоржынға салды.

Жарыстың екінші күнінде ерлер 73 және 81 келіде, қыздар 63, 70 келіде белдесті. 73 келіде Дидар Хамза жартылай финалда есе жіберіп, қола үшін моңғол балуаны Санжаргал Ниам-Очиромнан басым түсті.

Өкінішіке орай, әйелдер арасында екінші күні медаль болған жоқ.

Жарыстың үшінші күні қазақ құрамасынан ерлер арасында 90 келіде Дәулетхан Жақыпов көрермендер көзайымына айналды, ол қола жүлдеге жақын еді, алайда словениялық Михайл Зганкқа ұтылып бесінші орынға тұрақтады. Ал, қыздар арасында 78 келіге дейінгі салмақта Альбина Амангельдиева күміс жүлдегер атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жүлде қоры жөнінен төртінші орынға тұрақтады. Қоржынымызда бір алтын, үш күміс және екі қола. 

    Nation 1st place 2nd place 3rd place 5th place 7th place
1. France (FRA) 3 0 2 1 1
2. Georgia (GEO) 2 0 2 0 0
3. Cuba (CUB) 2 0 1 4 0
4. Kazakhstan (KAZ) 1 3 2 4 3
5. China (CHN) 1 1 1 1 1
6. Azerbaijan (AZE) 1 1 1 0 0
7. Italy (ITA) 1 1 0 2 1
8. Poland (POL) 1 0 2 0 3
9. Japan (JPN) 1 0 0 0 0
9. Switzerland (SUI) 1 0 0 0 0
11. Mongolia (MGL) 0 2 1 1 2
12. Brazil (BRA) 0 1 1 1 0
12. Korea, South (KOR) 0 1 1 1 0
14. Israel (ISR) 0 1 0 1 1
14. Turkey (TUR) 0 1 0 1 1
16. Czech Republic (CZE) 0 1 0 0 0
16. Spain (ESP) 0 1 0 0 0
18. Uzbekistan (UZB) 0 0 3 0 3
19. Puerto Rico (PUR) 0 0 2 0 0
19. Ukraine (UKR) 0 0 2 0 0
21. Netherlands (NED) 0 0 1 2 0
22. Algeria (ALG) 0 0 1 1 1
23. Kyrgyzstan (KGZ) 0 0 1 0 1
24. Bosnia-Herzegovina (BIH) 0 0 1 0 0
24. Iran (IRI) 0 0 1 0 0
24. Slovenia (SLO) 0 0 1 0 0
24. Sweden (SWE) 0 0 1 0 0

Алматы қаласында өткен Гран При жарысында 80-нен астам елден келген 400-ге тарта дзюдошы қатысты. Айта кету керек, 2004 жылы Алматы қаласында тұңғыш рет Гран При жарысы өткізілген еді.

2010 және 2011 жылдары Қазақстан Әлем Кубогы жарысын, 2012 жылы Алматы қаласында «Әлем шеберлері» ұйымдастырылып, елімізге алғаш рет Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер келген еді. Ол сол уақытта елімізде өткізіліп жатқан жарыстарға жоғары бағасын беріп кеткен болатын. Ал, 2013 жылдан бастап еліміз Гран При жарысын өткізу құқығына ие болды. 2013 жылы Гран При Алматыда өткізілсе, 2014 жылы Астанада ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан 2015 жылы әлем біріншілігін өткізіп халықыралық дзюдо қауымдастығы тарапынан жоғары баға алды.