Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Жапония командасынан жеңіліп қалды

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Мақпал Бисембаева>
Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Жапония командасынан жеңіліп қалды
Фото ©️ tn.kz

Астанада дзюдодан өтіп жатқан әлем чемионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Жапония командасына есе жіберді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

БӨЛІСУ

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбек Имашев үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада-2012 жүлдегері Масаши Ебинумамен кездесті. Белдесуде жапон қазақстандықтан басым түсті. 

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансай Смағұлов Рики Никаяға қарсы шықты. Жекпе-жекті 81 келіге дейінгі салмақта Ринат Ибрагимов пен Таканоре Нагасе жалғады. 

90 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Самат Есен мен  Юя Йошида белдесті. Жапония құрамасы Қазақстан командасын 4:1 есебімен жеңді.