Бүгін Астанада дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Назарларыңызға әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын спортшылардың белдесулер кестесін ұсынамыз.
Бүгін жарыс жолына ерлер арасында екі спортшымыз шығады. Олар - 60 келіге дейінгі салмақтағы Елдос Сметов пен Рүстем Ыбраев. Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі бәсекеде Александра Подрядова мен Отгонцэцэг Галбадрах жүлде үшін таласады.
Қазақстандық спортшылардың белдесу кестесі:
24 тамыз - ерлер 60 келі (Елдос Сметов, Рустам Ыбраев) мен әйелдер 48 келі (Александра Подрядова мен Отгонцэцэг Галбадрах);
25 тамыз - ерлер 66 келі (Азамат Мұқанов, Елдос Жұмақанов) мен әйелдер 52 келі (Олеся Куценко мен Ленария Мингазова);
26 тамыз - ерлер 73 келі (Дастан Ыкыбаев) және әйелдер 57 келі ;
27 тамыз - ерлер 81 келі (Әзиз Қалқаманұлы), әйелдер 63 келі (Мариан Урдабаева);
28 тамыз - ерлер 90 келі (Ислам Бозбаев), әйелдер 70 келі (Ділбар Өміралиева, Жанар Қашқын), және 78 келі (Альбина Амангельдиева);
29 тамыз - ерлер 100 келіге дейін (Максим Раков) 100 келіден жоғары (Ержан Шынкеев), әйелдер 78 келіден жоғары Гүлжан Исанова);
Ал, 30 тамыз күні ерлер мен әйелдер арасындағы командалық жарыстар өтеді. Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.
Айта кетейік, дзюдодан Әлем чемпионатын «KazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.